Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц
Включить версию для слабовидящих
Городская
поликлиника
№25г. Алматы
Рус

"Тәуелсіздік бәрінен қымбат"

Бағдар мен белес 

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. 

Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты "Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?", "Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?", "Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?" деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. 

Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.   

Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. 

"Қазақстан – 2030" стратегиясын қабылдадық. Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді. 

Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан теңізді қайтардық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тарттық. Есілдің жағасында бой көтерген еңселі елордамыз ұлттық идеямызға айналды. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Тұрғын-үй құрылысы да бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамыды.  

Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. "Қазақстан – 2050" стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік. 

Әр бағыт бойынша "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму", "Нұрлы жол", "100 нақты қадам" сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік. 

Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатыныңбірлігі мен ынтымағыныңотандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздікСондықтанЕлбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десекақиқатты айтқан болар едік.    

Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болуБұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырыпзаман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. 

Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақбұған анық қол жеткіземізМысалытұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесекеліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артықАзаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмасаодан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламынБіз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатарбарлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймызМенің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы. 

Тарихқа көз жүгіртсекәр буын белгілі бір сынақты басынан өткередіБіздің бабаларымыз "Ақтабан шұбырындыАлқакөл сұламаны", аталарымыз алапат ашаршылықтықуғын-сүргіндідүниежүзілік соғысты көрді. 

Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздантілімізденділіміз бен дінімізден айырылып қала жаздадықОның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралдыБірақұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек. 

Қазіргі пандемия және соның салдарынан туындаған дағдарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын анық көрсеттіЭкономикалықәлеуметтікэкологиялықбиологиялық және басқа да қатерлерге қосажер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келедіЖаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайдыБасқаша айтқандамәжбүрліктен емессанасының улануы арқылы өз еркімен торға түседіСондықтанжаңа заманның жақсы-жаманын екшепартықшылықтарын бойға сіңірумен қатартамырымызды берік сақтауымыз қажетҰлттық болмысымыздантөл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі. 

Таным мен тағылым 

Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толдыЕгемен елде дүниеге келіпөсіп-жетілген олардың санасы сергеккөзқарастары да, өмір салттары да өзгешеТіптіТәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледіБұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылысБірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіпмәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек. 

Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқАта-бабаларымыз азаттық жолында арпалыстыТалай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткердіОсының бәрі халықтың есінде сақталыпұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. <span class="EOP BCX0 SCXW118237076" data-ccp-props="{"201341983":0,"335559738":300,"335559739":30

Дата публикации: 02.06.2021 просмотров: 641 Архив новостей