Мазбаева Әлия Мұратовна 1963 жылғы 27 сәуірде Алматы облысы, Алакөл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1985 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Сондай-ақ «Қайнар» университетінің экономика және бизнес факультетін, «Қаржы» мамандығын тәмамдаған. Денсаулық сақтау магистрі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алған.
Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі – 33 жыл, оның ішінде бас дәрігер қызметінде – 9 жыл.
Еңбек жолын 1985 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық емханада қарапайым тіс дәрігері болып бастаған.
1986–1995 жылдары Үштөбе қаласындағы орталық аудандық ауруханада тіс дәрігері болып жұмыс істеген.
1996–2013 жылдары Алматы қаласындағы №9 қалалық емханада қызмет атқарған:
– 1996 жылы – статистика кабинетінің меңгерушісі;
– 2010 жылдан бастап – дәрігер-эксперт;
– 2012 жылғы қазан айында – №9 қалалық емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы;
– 2012 жылғы қараша – 2013 жылғы ақпан аралығында – №9 қалалық емхананың емдеу-алдын алу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасарының міндетін атқарушы.
7 жыл бойы Түрксіб ауданы бойынша өлім-жітім жөніндегі үйлестіруші болған. Алматы қаласы және республика бойынша өлім-жітімді тіркеу мәселелері жөніндегі қалалық және республикалық семинарларды ұйымдастырып, өткізуге қатысқан. Алматы қаласының жылдық есептерін бірнеше рет Астана қаласында қорғаған.
2013 жылғы сәуірден бастап «Заря Востока» БМСК орталығының директоры болып тағайындалды, 2013 жылғы маусымнан бастап №25 қалалық емхананың бас дәрігері қызметін атқарды.
2014–2022 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының бас дәрігері болды.
Алатау ауданында жұмыс істеген кезеңде Әлия Мұратовна өзін денсаулық сақтау саласының жоғары білікті маманы ретінде көрсетті, білімін және тәжірибелік дағдыларын үнемі жетілдіріп отырды. Негізгі әдістерді жоғары деңгейде меңгерген.
Қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарады. Тәртіпті. Күрделі мәселелерді шешуде дербестік пен жеделдік танытады. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тұрғындар арасында беделге ие және әріптестері мен қызметкерлерінің құрметіне бөленген. Өзіне де, қарамағындағы қызметкерлерге де талап қоя біледі. Емхана алдында тұрған міндеттерді шешуде тың әрі тиімді тәсілдер таба алады.
Алатау ауданында үйлестіруші ретінде кәсібилік пен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, ауданның денсаулық сақтау көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. Аудан тұрғындарын денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша тұрақты түрде қабылдайды. Жауапты, адал, талапшыл, білікті әрі бастамашыл басшы, өз білімін үнемі жетілдіруге ұмтылады. Патриоттық сезімі жоғары.
Алатау ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси кеңесінің мүшесі, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі. Бастауыш партия ұйымының төрайымы. Барлық сайлауларға белсенді қатысып, сайлау округінің төрайымы қызметін атқарған.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті деректеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылмаған. БАҚ-та теріс материалдар жарияланбаған.
Марапаттары:
– 2012 жылғы желтоқсан – «Қазақстан тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалі;
– 2012 жылғы желтоқсан – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
– 2013 жыл – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Үздік дәрігер» грамотасы;
– Мемлекеттік тәуелсіз рейтингтік қауымдастықтың «Қазақстан даңқы» ордені;
– 2014 жылғы наурыз – «Жыл басшысы» сертификаты;
– 2014 жылғы наурыз – «Сала көшбасшысы» сертификаты;
– 2015 жылғы сәуір – Алатау ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы;
– 2015 жылғы мамыр – «Медик» кәсіподағының Құрмет грамотасы;
– 2015 жылғы тамыз – «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі;
– 2015 жылғы желтоқсан – «Алтын дәрігер» төсбелгісі;
– 2016 жылғы желтоқсан – «Қазақстан тәуелсіздігіне – 25 жыл» медалі;
– 2017 жылғы маусым – «AVE VITAE» ордені;
– 2017 жыл – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.
Отбасылық жағдайы: жесір.
Ұлы – Мазбаев Тайыр Камбарбекұлы, 1990 жылы туған.
Қызы – Мазбаева Шынар Камбарбекқызы, 1988 жылы туған.